Ағымдағы қыс мезгілінде еліміздің автожолдарында 1 мыңнан астам адам қар құрсауынан құтқарылды

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ағымдағы қыс мезгілінде еліміздің автожолдарында 1 мыңнан астам адам қар құрсауынан құтқарылды.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Любовь Шапошникова мәлім етті.

 «ТЖМ бөлімшелері 2011 жылы 59 мыңнан астам апаттық-құтқару шараларына шықты. Осы орайда 7 мыңға жуық адам құтқарылып, 8 мыңнан астамы қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде республиканың автожолдарындағы қар құрсауынан  2011 жылдың қарашасы мен 2012 жылдың 10 қаңтары аралығында  жедел түрде 1 065 адам құтқарылып, 82 дана техника қардан шығарылды» ,-деді ресми өкіл.

Осы орайда Л. Шапошникова ел азаматтарын  метеорологтардың ақпаратын назардын тыс қалдырмауды, сондай-ақ көктайғақ және боранды күндері жолға шықпауды ескертті.