Бұл туралы бүгін брифинг барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешенінің Мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов айтты.
«Бұл цифр жаман емес. Ай сайын шамамен 1 млн. тонна астық тиелуде, ал 1 қыркүйекке дейін мөлшермен 3 млн. тонна астық жөнелту жоспарлануда», - деді ол.
Толықтай алғанда, 11 маусымдағы жағдай бойынша жыл басынан бері шамамен 6,5 млн. тонна астық экспортқа жөнелтілген.