Алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда мектептердің жалпы саны 1% төмендеді. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде хабарланды.
Атап айтқанда, оқу орындары түрлері бойынша күндізгі жалпы білім беретін мектептер бастауыш, негізгі және орта мектептерге бөлінеді. Жалпы білім беретін мектептердің жалпы санында бастауыш мектептердің үлес салмағы 11,7 пайызды, негізгі - 14,4%, орта - 70% құрады.
Бастауыш мектептердің жалпы санынан 95,8% ауылдық елді мекенде орналасқан, негізгі және орта мектептер бойынша бұл көрсеткіш тиісінше 92,5% және 70,5% қамтыды.
Оқу жылының басына күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 2581,6 мың адамға жетіп, ол өткен оқу жылымен салыстырғанда 1,9%-ға көбейді.