АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов ағымдағы сессияда өзінің атына 500-ден астам депутаттық сауал келіп түскенін айтты.
Осы сессияда менің атыма 523 депутаттық сауал түскенін атап өтемін. Оның 450-іне жауап бердім. Ал қалған 73 сауалды мен өз бақылауыма алдым. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-деді К. Мәсімов.
Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысы Парламент пен Үкіметтің арасындағы өзара іс-қимыл жасауға, заң шығару мәселесіне, заң жобаларының сапасы мен депутаттардың сауалдарына арналып отыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.