Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Кедендік кірістер басқармасының бастығы Елена Канашкина мәлім етті.
«Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсуін қамтамасыз ету бойынша болжамды міндеттер 103,6 пайызға орындалды, яғни бюджетке 125 млрд. теңге аударылды. Бұл өткен жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 12 миллиард теңгеге артық», деді ол.
Оның айтуына қарағанда, бюджетке түсімнің артуы бірыңғай кедендік тарифтің енгізілуіне және РФ-дан қосымша құн салығы мен импорттық баж салығы бойынша түсімдердің ұлғайуына байланысты орын алған. Сонымен ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында орташа біркүндік төлемдер 1,9 млрд-тан 2,2 миллиард теңгеге дейін артқан.
«Қорытындысында республикалық бюджеттегі кедендік баж салығы мен салықтардың үлесі 29,4 пайызды құрады», деді Е.Канашкина.