Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында мемлекеттік бюджетке 797,1 млрд. теңге қаржы құйылды? Б. Жәмішев

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2009 жылдың 1-ші тоқсанында қарыздар түсімін есептемегенде мемлекеттік бюджетке 797,1 млрд. теңге қаржы құйылды және есепті кезеңге арналған жоспардың 103,6 пайызы орындалды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, оның ішінде 796,3 млрд. теңге көлемінде кіріс түсті немесе 103,5 пайызға атқарылды. Ондағы салықтық түсімдер 515,2 млрд. теңгені құрады. Ал салықтық емес түсімдер - 23,7 млрд. теңге, трансферттер түсімі 250 млрд. теңгеге жетті. «Қарыздарды өтеу көрсеткішін есептемегенде мемлекеттік бюджеттердің шығыстары 710 млрд. теңгені құрады немесе 87 пайызға орындалды», - деді министр.