«ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2011 жылғы қаңтар - наурызда мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 13 млн. 381 мың тонна болды. 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 512 мың тоннаға немесе 4 пайызға артты», - делінген баспасөз хабарламасында.
«ҚазТрансОйл» АҚ ММ жүйесі бойынша жүк айналымы 2011 жылғы үш айда 8 млрд. 817 млн. тонна км. болды. Былтырғы жылғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 760 млн. тонна км-ге немесе 9 пайызға артты.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, биылғы үш айдың қорытындысы бойынша «Өзен - Атырау - Самара» магистральды мұнай құбырының «Атырау - Самара» учаскесімен мұнай айдау көлемі 4 млн. 36 мың тонна болды. Яғни 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 595 мың тонна немесе 17 пайызға артты. Көмірсутек шикізатын тасымалдау көлемінің өсімі ҚХР бағытында да сақталып отыр. Биылғы жылғы қаңтар-наурызда «Атасу - Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 2 млн. 800 мың тоннаға жетті. Бұл 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 347 мың тоннаға немесе 14 пайызға артық.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесімен Ресей мұнайының транзиті 2011 жылғы есепті кезеңнің қорытындылары бойынша 1 млн. 384 мың тоннаны құрады. Өсім 39 мың тоннаға немесе 3 пайызға тең.
Өткен жылмен салыстырғанда «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі де арта түскен. Атап айтқанда, 2010 жылдың 3 айының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының МӨЗ-деріне өңдеу үшін мұнай тасымалдау көлемі 3 млн. 59 мың тоннаны құраған.