«2015 жылы Грузияға келген қазақстандық туристердің саны 37 мың адамды құрап, өсім 30 пайызға жетті. Ал ағымдағы жылдың 5 айында сіздердің елдеріңізден Грузияға 12 мың азамат келді. Бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға көп», - деді ол.
Оның атап өтуінше, Грузияның туризмді дамытуға бағытталған жаңа стратиялық жоспары аясында өткен жылы басымдығы мол туристік нарық ретінде Қазақстанға айрықша мән берілген.
«Жалпы, өткен жылы Грузияға шамамен 6 млн. турист келді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық. Ал осы жылдың қаңтар мамыр айларының өзінде Грузияға 2 миллион адам келіп, өсім 15 пайызға жетіп отыр», - деді Г.Чоговадзе.