Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы министрлік жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, жыл соңына дейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыздар мен аз қамтамасыз етілген 154 мың адамды «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр.
«Ағымдағы жылдың 5 айында біз 40 мыңнан астам азаматты «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында жұмысқа орналастырдық», - деді Т.Дүйсенова.
Министрлік деректеріне қарағанда, бес айда бағдарлама аясында жұмысқа тартылғандардың 64,9 пайызы жұмыссыздар болса, ал 33,6 пайызы - өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Сонымен қатар бағдарламаға балалар мен жастардың белсенді қатысуы байқалады. Олардың үлесі сәйкесінше 48 және 46 пайызды құрайды.