Ағымдағы жылдың 6 айында сыртқы сауда айналымы 44,7 пайызға өсті

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша, 2011 жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауда айналымы 61559 млн. АҚШ долларын құрады,

деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, бұл көрсеткіш 2010 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 44,7 пайызға артық. Сауда айналымындағы экспорт көлемі 44916,3 млн. АҚШ долларын (өсім 51,8 пайыз), импорт 16642,7 млн. АҚШ долларын құрады (өсім 28,4пайыз).