Мәжіліс төрағасының атап өтуінше, Үкімет пен Мәжілістің тығыз жұмыстары нәтижесінде 67 заң жобасынан тұратын жоспар-кесте түзілген. Аталған заңдардың онына депутаттар бастамашы болған. Қазірдің өзінде Парламент қарауында 19 заң жобасы бар. «Президенті Әкімшілігімен келісілген жоспар-кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 7 қазанына дейін Мәжіліс 56 заң жобасын қабылдауы тиістігін атап өткім келеді. Қалған он бір жаңа жобасын депутаттар қарауына енгізу Ұлт жоспарын жүзеге асырудың келесі кезеңіне қарастырылған», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, дағдарысқа қарсы шараларды тиімді заңнамалық қамтамасыз ету де Мәжілістің басты назарында болады.«Бұл ең алдымен алдағы үш жылға арналған бюджет жобасына қатысты. Өздеріңіз де білетіндей, Президент республикалық бюджет тапшылығын тек ішкі резервтер есебінен 2018 жылға қарай 1 пайызға дейін төмендетуді тапсырған болатын», - деді Қ.Жақыпов.
11:13, 02 Қыркүйек 2015
Ағымдағы жылдың 7 қазанына дейін Мәжіліс 56 заң жобасын қабылдауы тиіс - Қ.Жақыпов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 7 қазанына дейін Мәжіліс 56 заң жобасын қабылдауы тиіс. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысын ашқан Төраға Қабиболла Жақыпов осылай деді.