Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 36 пайызға артық. Аталған фактілер бойынша 145 іс сотқа жолданда. Бұл туралы бүгін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, қылмыстық істердің ішінде толық тексеріліп аяқталғандары бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі 11 миллиард 480 миллион теңгені құрады. Олар бойынша тиісті шаралар қолданылып, 3 миллиард 710 миллион теңге өндірілді. «2007 жылдан бастап агенттік бастамасымен жалған кәсіпкерлік үшін жауапкершілік айтарлықтай қатайтылған. Осыған орай жалған кәсіпорын құрғаны үшін ең ауыр жаза - мүлкін тәркілеп, 10 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылады. Мысалы Астанада А.Әбдіқалықовтың мүлкі тәркіленіп, 4 жылға, Г.Мыңбаева мен О.Остапчук мүліктері тәркіленіп, 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олар алдын ала ымыраласу арқылы «Саунд трейд» деген атпен жалған кәсіпорын құрып, сол арқылы мемлекетке 59 миллион 800 мың теңгеге шығын келтірген. Ал Ақтөбеде «Алға даму» атты жалған кәсіпорын құрып, мемлекетке 367,5 миллион теңге залал келтірген М.Рац 3 жылға бас бостандығынан айырылды», деді ресми өкіл.