«Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 9 айында 8 377 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, оның тек он пайызын ғана шағымдар мен басқа органдардан түскен хабарламалар құрайды. 2 295 істің өндірісі аяқталып, 1 654 іс сотқа жөнентілді», - деді ол. Оның атап өтуінше, қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 67,7 млрд. теңгені құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артық. «32,8 млрд. теңге сомасындағы залал өндірілді, өткен жылы оның көлемі 18,8 млрд. теңгені құраған еді. Өсім 1,7 есе. Сомасы 8,7 млрд. теңгені құрайтын мүлікке тыйым салынған», - деді. Оның сөзіне қарағанда, тыйым салынған мүліктерді ескерген кездегі залалды өндіру үлесі 61,5 пайызға жеткен. Ал бұл көрсеткіш өткен жылы 44,8 пайызды құраған болатын.
17:50, 05 Қараша 2015
Ағымдағы жылдың 9 айында 8 377 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді - Мемлекеттік кірістер комитеті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 айында 8 377 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді . Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Профилактикалық жұмыс жане бақылау басқармасынын басшысы Талғат Башаев мәлім етті.