Ведомствоның хабарлауынша, биылғы жылғы қыркүйекте өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 1,2, ал мал шаруашылығы өнімі - 2,8 пайызға қымбаттады.
Ағымдағы жылғы тоғыз айда өткізу бағалары картопқа 6,9, шалқан тәрізді пиязға - 6,7, қырыққабат пен сәбізге - 6,6, қызылшаға - 4, бидайға - 1,8, қарақұмыққа - 1 пайызға өсіп, ал арпаға 11,3, бұршаққа - 4,6, жүгеріге - 3,8, күрішке - 2,8 пайызға төмендеді. Сондай-ақ қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда баға бидайға 8,1, арпаға - 1,2, бұршаққа - 1,5 пайызға қымбаттады.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шошқа еті 9,3, ірі қара мал еті - 8,9, жылқы еті - 8,4, қой етіне - 7,8 пайызға сонымен қатар сүт 1,5, жүн - 6,6, бал - 6,9 пайызға қымбаттаса, жұмыртқа бағасы 19,5 пайызға арзандаған. Дегенмен қыркүйек айында жұмыртқа бағасы 6,2 пайызға өсім көрсеткен.