Ағымдағы жылдың басынан 9,9 млн. теңге жалған ақша айналымнан алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан 9,9 млн. теңге жалған ақша айналымнан алынды. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасынын басшысы Талғат Башаев мәлім етті.

«Жалған ақша жасайтын жасырын 7 цехтың қызметіне тосқауыл қойылып, заңсыз айналымнан жалпы сомасы 9,9 млн. теңгені құрайтын 2,8 мың. дана жалғаш ақша купюрасы тәркіленді. Осылайша, жалған ақшалардың одан ары таралуының жолы кесіліп, мемлекеттің экономикалық мүддесі қорғалды», - деді ол.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, есірткі заты айналымы саласында 66 қылмыс тіркеліп, 158 келі героин тәркіленген. Бұл 2013 және 2014 жылдардағы тәркіленген есірткі көлемінен көп.