деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Минстрдің айтуынша, еліміздегі тіркелген қылмыс санының өсуі негізінен ұсақ ұрлықтар, ұялы телефондарды иемденумен байланысты тонаулар және бұзақылықтар есебінен орын алып отыр. «Сонымен бірге бұл көрсеткіш азаматтардың арыздары мен шағымдарының толық тіркелуімен де байланысты болып табылады. Әрбір арыз қабылданып, дереу тіркеуден өтеді. Есепке алу тәртібі Бас прокуратура мен ІІМ-нің тарапынан қатаңдатылды. Қазіргі уақытта қылмыстың нақты өршуі мен еліміздегі криминалдық ахуалдың күрделенуіне негіз боларлықтай алғышарттар жоқ», деді С. Баймағанбетов.
Сонымен бір мезгілде министрдің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы өткен жылғы кезеңге қарағанда ауыр және аса ауыр қылмыстар саны азайып, кісі өлтіру қылмысы, денсаулыққа аса зиян келтіру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны төмендеп отыр. «Бұл ретте қылмыстарды ашу және қылмыскерлерді іздестіру жөніндегі жұмыстар нәтижесі жақсарып келеді», деді министр.