Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында республикалық бюджет кірісі 885,5 млрд. теңгені құрады - Б.Жәмішев

None
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында республикалық бюджет кірісі 885,5 млрд. теңгені құрады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«Республикалық бюджеттің кірістері 885,5 млрд. теңгені, оның ішінде салықтық түсімдер 664,9 млрд. теңгені құрап, 117,8 пайызға орындалды. Немесе жоспардан тыс 100,3 млрд. теңге түсті»,-деді ол.

Б. Жәмішевтің атап өтуінше, жоспардан тыс түскен қаржының 60,7 млрд. теңгесі біржолғы және аванстық төлемдер болып табылады. Яғни, біржолғы төлемдерді есептемегенде орындалу 107 пайызды құраған.