Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы К.Мәсімовтің қатысуымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының кеңейтілген кеңесі барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президенті Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.
Компанияның отандық мұнай-газ машиналарын жасау саласының өркендеуіне де өз үлесін қосып келе жатқандығын айтқан ол, «ҚазМұнайГаз»-дың қатысуымен қазақстандық кәсіпорындарда мұнай-газ өнеркәсібіне қажетті құрал жабдықтар мен тауарлардың 325 түрі шығарылуда», деді.
Сондай-ақ Қ.Қабылдиннің атап өтуінше, компания есебінен бюджетке 419 миллиард теңге көлемінде қаржы түскен. «Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз»-дың қатысуымен түсетін салық үлесі 22 пайызды, ал Ұлттық қорға түсімінің үлесі 25 пайызды құрап отыр», деді ол өз сөзінде.