Атап айтқанда, іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен тоқсанмен салыстырғанда 7 пайыздық тармаққа көбейген. Сонымен қатар, өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының бағалауынша, жақын арадағы келешекте, 2015 жылғы қыркүйекке дейiн iскерлiк белсенділігінің өсуі күтіледі. Бағалауларға қарағанда, 2015 жылғы ІІ тоқсанда өткен І тоқсанмен салыстырғанда тұтынушылық сұраныс пен іскерлік белсенділігі де артқан. Бұл ретте кәсіпкерліктің сенімділік индексі 1 пайыздық тармаққа көбейіп отыр. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан кәсіпорын басшыларының 72 пайызы 2015 жылғы қыркүйекке дейін өзінің қаржылық-шаруашылық қыметінің өзгеріссіз, 15 пайызы жақсаруын және 8 пайыз кәсіпорын өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінің нашарлайтындығын атап өткен.