Халықтық ІРО бағдарламасына халық тарапынан қызығушылық бар екендігін баса айтқан Үкімет басшысы: «Біз жылжуымыз қажет. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында, біз КЕГОК-ты қарастыруымыз қажет», - деді.
Оның атап өтуінше, бүгінде ел азаматтары аталған компания қор нарығына қашан шығарылантындығын күтуде. «КЕГОК туралы айтар болса, көрсеткіштері жақсы, өте тиімді компания. Менің ойымша, оның қор нарығына шығуына серпін береді», - деді ол.
С.Ахметовтің сөзіне қарағанда, «ҚазТрансОйл» компаниясының 35 мың салымшысы бар. Бастапқыда компанияның 1 акциясы 725 теңге болса, бүгінде 808 теңгеге көтерілген. Сондықтан да оған азаматтарды барынша мол тарту қажеттігін, ал олардың қаражаттары ел экономикасын дамытуға бағытталатынын баса айтқан Премьер-Министр: «Бірінші жартыжылдықта - КЕГОК, екінші жартыжылдықта, Өмірзақ Естайұлы, ІРО-ға жол тартатын үшінші компанияны айқындаңыздар», - деді.