Мұнай және газ министрлігінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтеріне қарағанда, республика облыстарының табиғи газды тұтыну мөлшері жоғарыда аталған кезеңде 5,5 млрд. текше метрді құрады (101,5 пайыз).
Ал негізгі жобаларға келетін болсақ, бүгінгі күні Жамбыл облысындағы Аманкелді газ кен орнын игеру жалғасуда. Аталған жобаға сәйкес, 2012 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша газ өндіру 163,2 млн. текше м. (99,1 пайыз), газ конденсаты - 10,7 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылардың газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларын іске асыру барысында, газ алауларында жағылатын газ көлемі 0,5 млрд. текше метрді құрап отыр. Бұл өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 75,9 пайызға тең көрсеткіш болып табылады.