1 трлн. 628,6 млрд.теңгеге жетті.
Агенттік мәліметінше, ағымдағы жылғы маусымда 2010 жылғы маусыммен салыстырғанда тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 13,6 пайызға артқан. Ал есепті кезеңде сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2010 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 869 млрд.теңгеге жетті. Бұл шамамен 7,1 пайызға жоғары. Сонымен қатар, 2011 жылғы қаңтар-маусымда базарлардағы және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,3 пайызға көбейді. Аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 46,6 пайызды құраған. Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бұл бөлшек сауданың жалпы көлеміне 63,9 пайыз). Ал азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға, азық-түлік тауарлар - 14,4 пайызға ұлғайған.