Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан «Мемлекеттік тіл - ел бірлігінің кепілі» атты ғылыми конференция барысында баяндама жасаған ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінгі күні министрлік тарапынан тілдерді дамыту тұжырымдамасының негізгі 12 бағыты анықталған. «Тұжырымдама жасалу үстінде. Бірақ, биылғы жыл Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (2001-2010 ж) соңғы жылы. Сондықтан да, алдағы бағдарлама жобасы мамыр айына қарай жарыққа шығады, оны баспасөзге жариялайтын боламыз. Бұл тұжырымдаманы жетілдіруге тілге жанашыр азаматтардың барлығы қатыса алады. Содан кейін, біз ағымдағы жылдың қазан айына дейін 2011-2020 жылдарды қамтитын мемлекеттік бағдарламаны қабылдауға тиіспіз», деді министр.