Ағымдағы жылдың қыркүйек айында елімізден экспортталатын тауарлар 2,6 пайызға өсті

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қыркүйек айында елімізден экспортталатын тауарлар тамыз айымен салыстырғанда 2,6 пайызға өсіп,

импортталатын тауарлар құны 1,5 пайызға арзандады.

Статистика агенттігі таратқан мәліметтерге қарағанда, көмір экспортына деген баға 14 пайызға, қорғасын - 8,9 пайызға, қоюлатылған пропан мен бутан газдарының құны 7,6 пайызға өсті. Сондай-ақ цинк экспорты 5,7 пайызға, жез - 4,2 пайызға, мұнай - 1,3 пайызға, мұнай өнімдері 1 пайызға артқан. Бұған қоса бір ай ішінде астыққа деген баға 14,3 пайызға, мақта - 11 пайызға, ал жүн 10,7 пайызға көбейіп отыр.

Импорттық түсімдердің ішінде балық 7,8 пайызға арзандап, көкөністердің бағасы - 5,6 пайызға, аяқ киім - 5,2 пайызға, химиялық тауарлар - 2,6 пайызға, өсімдік майы - 1,5 пайызға, шәй 9,2 пайызға кеміді. Сондай-ақ макарон өнімдері - 6,3 пайызға, тоқыма өнімі - 5,1 пайызға, қант- 5 пайызға, какао мен кофе және олардан дайындалатын өнімдердің құны 1,2 пайызға арзандады.