Бұл туралы бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.
Ұлттық валютадағы кредит көлемі 1,6 пайызға артып, 7262,6 млрд. теңгеге жетті. Ал шетел валютасында несие көлемі өзгеріссіз қалып 2 855,6 млрд. теңгені құрады. Несиелердің меншікті салмағы ай ішінде 71,4-тен 71,8 пайызға дейін артты.
Ағымдағы жылы ұзақмерзімді кредиттеу де 1,2 пайызға өсіп, 8 172,1 млрд. теңгені, ал қысқа мерзімді несиелер 0,8 пайызға артып, 1 946,2 млрд. теңгені құрады. Ұзақмерзімді несиелердің меншікті салмағы бір айда 80,7-ден 80,8 пайызға дейін өсті.
Заңды тұлғалар несиелерінің көлемі 1 пайызға көбейіп, 7 152,4 млрд. теңгеге дейін артса, жеке тұлғалардың кредиттері 1,6 пайызға ұлғайып, 2 965,8 млрд. теңгеге жуықтады. Жеке тұлғалар несиесінің меншікті салмағы бір айда 29,2 пайыздан 29,3 пайызға дейін көтерілді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу 0,3 пайызға төмендеді.