Бұл туралы бүгін Үкіметтің 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Экономиканың едәуір қаржылық әлеуеті құрылды. 2013 жылғы 1 сәуірде Ұлттық қордың активтері 73 млрд. АҚШ долларын құрады және жыл басынан бері 5,2 пайызға өсті»,-деді Е. Досаев.
Министрдің атап өтуінше, экспорттық пайда түріндегі валюта ағымы төлем теңгерімі көрсеткішінің оң мәнінде сақталуына септігін тигізді. Ағымдағы операциялар шотының профициті 2013 жылы 7,7 млрд. АҚШ доларын немесе жалпы ішкі өнімнің 3,8 пайызын құрады.