Бұл туралы бүгін Үкіметтің 9 айдың қорытындысына арналған отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, әлемдегі іскерлік белсенділіктің құлдырауы және қазақстандық өнімге сұраныстың азаюы экспорттың қысқаруына соқтырған. «Сегіз айдың қорытындысы бойынша оның көлемі 49,2 пайызға қысқарды. Тауарлар импорты 27 пайызға азайды», деді министр.