Баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың айтуынша, бүгінгі күні еліміздегі қан айналымы жүйесінен туындайтын аурулар көрсеткіші жалпы ауруларға шаққанда жоғары деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар, халық арасындағы өлім-жітім көрсеткішінде де осы ауру бірінші орында.
«Осыған орай соңғы 3 жылдың ішінде еліміздің барлық өңірлерінде 16 кардиохирургиялық орталықтар мен бөлімдер ашылды. Алдыңғы қатарлы технологиялар енгізу жүзеге асып та жатыр. Жүрекке 20 мыңнан астам ота жасалды. Өткір инсульт дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін өңірлерде халықаралық стандарттарға сай 20 инсульт орталығы ашылды. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін біз тағы да 20 орталықты ашуды жоспарлап отырмыз», - деді министр.