Ағымдағы жылдың үш айында негізгі капиталға салынған инвестиция 700 млрд. теңгеден асты

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 751,5 млрд теңгені құрады.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға артық. Осы жайында бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Сонымен қатар агенттік басшысы 2012 жылдың қаңтар-наурызында өнеркәсіптік өндіріс көлемі қазіргі бағада 4 057 млрд. теңгені құрағанын жеткізді. Бұл көрсетекіш 2011 жылдың қаңтар-наурызына қарағанда, 2,9 пайызға артық.