Дәнді дақылдардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан (жалпы түсімнің 30,6 пайызы), Қостанай (24,9 пайыз) және Ақмола (17,6 пайыз) облыстарында алынған.
Ал картоптың және ашық топырақта өсірілген көкөністердің мол түсімі Алматы облысында (республикалық көлемнен тиісінше 22,9 және 25,5 пайыз), күнбағыс - Шығыс Қазақстан облысында (57,6 пайыз) жиналды.
Барлық дәнді және бұршақ дақылдардың үштен екі бөлігіне жуығын ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өсіріп, жинап отыр. Майлы дақылдар түсімінің жартысынан астамын шаруа (фермер) қожалықтары, ал картоп түсімінің төрттен үш бөлігіне жуығын тұрғындар шаруашылықтары жинады.