Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 1,5 пайызға өсті

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылғы наурызда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 1,5 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда асханаларды жалға беру бағасы 5,5 пайызға, дәріханаларды - 4,6 пайызға, фотосалондарды - 4,2 пайызға, сұлулық салондарды, фитнес клубтарын және жаттығу залдарын - 2,8-2,9 пайызға, дүкендерді - 2,2 пайызға, өндірістік цехтарды - 1,6 пайызға, сондай-ақ көлік жуу орындарын - 1,3 пайызға, химиялық тазалау және кір жуатын орындарды -1 пайызға өсті.

Мейрамханаларды жалға беру 1,1 пайыз көлемінде, жер үсті паркингтерді - 0,7 пайызға, дәмханаларды жалдау - 0,4 пайызға арзандады.