«Ламинат және тауарлық бетонның бағасы 0,6%-дан, қыш тақтайшалар мен тақталар - 0,5%, пластмассалардан жасалған есіктер, терезелер - 0,4%, табақты шыны және сөндірілмеген әк - 0,3%-дан, жабын паркет - 0,2%-ға өсті»,-делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде.
Құрылыс металл конструкциялары 3,5%, жабын және қырлы тақталар - 1,1%, ыстықтай илектелген арматуралық болат - 0,9%, негізгі қара металдар - 0,6%, болаттан жасалған ашық профильдер - 0,4%, бетоннан, ғаныштан және цементтен жасалған бұйымдар - 0,3%, жолдарға арналған асфальтбетон қоспалар бағасы - 0,2%-ға арзандады.