Ведомствоның атап өтуінше, 2011 жылғы маусымда өткен 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 14,5, мал шаруашылығы өнімі 6,7 пайызға қымбаттады.
Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда баға бидайға 16,4, арпаға - 13,8, сұлыға - 12,8, қарақұмыққа - 6, жүгеріге - 5, қара бидайға - 4,5, күрішке 3,2 пайызға өсті.
Сонымен қатар қырыққабат 27,3, картоп - 18,2, асханалық қызылша - 18, басты пияз - 16,2, сәбіз 11,3 пайызға қымбаттады. Баға өсімі күнбағыс тұқымына 11,4, бұршаққа 5 пайызды құрады.
Баға қой етіне 16, ірі қара мал етіне - 15,2, жылқы етіне - 8,4, құс етіне - 3,7, шошқа етіне 2,3 пайызға артты. Ал шикі сүт 8,9, жүн - 5,5, бал 5,1 пайызға қымбаттаса, жұмыртқа 18,8 пайызға арзандады.