Статистика агенттігінің мәліметінше, 2012 жылғы наурызда 2011 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға кондитерлік өнімдерге 7,7 пайызға, тоқаш және ұн өнімдеріне - 6,1пайызға, сүт өнімдеріне - 5,5 пайызға, кофе, шай және какаоға - 5 пайызға, балық және теңіз өнімдеріне - 4,7 пайызға, алкогольді ішімдіктерге - 4,4 пайыз деңгейінде, макарон өнімдеріне - 2,7 пайызға, нанға - 1,9 пайыз, май және тоң майға - 0,4 пайызға өсті. Бағаның төмендеуі қантқа 17,5 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 16,2 пайыз, жармаларға - 8,2 пайыз, ұнға - 4,9 пайыз деңгейінде байқалды.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 20,1 пайызды құрады. Сиыр етіне баға деңгейі 29,1 пайызға, қой етіне - 28 пайызға, жылқы етіне - 22,3 пайызға, шошқа етіне - 15,8 пайызға, шұжық өнімдеріне - 9,4 пайыз, құс етіне 5,4 пайызға жоғары болды