Ағымдағы жылғы шілдеде елдегі инфляция 0,5 пайызды құрады - статистика

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Баға азық-түлік тауарларға өткен айда 0,2%, азық-түлік емес тауарларға - 0,6%, ақылы қызмет көрсетулерге - 0,7%-ға өсті,

деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Өткен айда бағаның төмендеуі жеміс-көкөніс өніміне 2,3%, ал қиярға - 13,4%, қызанаққа - 12,6%, қырыққабатқа 12,5%-ға белгіленді. Баға деңгейі жұмыртқаға 5%, шикі сүтке - 2%, ашыған сүт өнімдеріне 0,2%-ға төмендеді. Бағаның өсуі жармаға 2,4%, ет және құс етіне - 1,8%, қант және кондитерлік өнімдерге - 0,6%, нан және жарма өнімдеріне - 0,4%, ұн, күнбағыс майына - 0,3%-дан, нанға 0,2%-ға тіркелді.

Баға өсімі автокөлік құралдарын сатып алуға 1%, құрылыс материалдарына - 0,6%, шыны және қыш бұйымдарына - 0,4%-ды құрады. Баға бензинге 2,6%, дизель отынына - 4,2%, сұйытылған газға 4,5%-ға өсті.

Жолаушылардың көлігі қызметтеріне 3,2%, мектепке дейінгі білім беру - 1,2%, шаштараздардың - 0,4%, қонақ үйлер, денсаулық сақтау -0,3%-дан қымбаттады.

Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулерге тарифтер 0,6%, ал тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 1,6%, электр энергиясына - 0,8%, суық суға - 0,5%, ыстық су мен орталықтан жылытуға - 0,4%-дан, қоқыс жинауға - 0,3%, кәрізге 0,2%-ға өсті.