Ағымдағы жылы 16 тұрғын үй кешенін аяқтап, 4625 үлескерлерді үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр - Алматы әкімінің орынбасары

АЛМАТЫ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - 2010 жылғы наурыздың 18-індегі жағдай бойынша, Алматыда 8 142 үлескер қатысқан 33 тұрғын үй кешені құрылысына мониторинг жүргізілуде.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өтіп жатқан кеңесте қала әкімінің орынбасары Виктор Долженков айтты.

2 912 үлескен қатысқан бес тұрғын үй кешені «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ арқылы салынып жатыр. «Бұл топқа «Үкімет-ҰӘҚ-Екінші деңгейлі банктер-Құрылыс салушы» схемасы бойынша мемлекеттік қолдаудың бірінші траншымен салынуы жалғастырылып жатқан нысандар кіреді. Ол «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы қаржыландырылуда. 2 278 үлескер қатысып отырған жеті тұрғын үй кешені «Стрестік активтер қоры» АҚ арқылы одан әрі салынуда. Бұл топқа «Сайран» шағынауданындағы «Үштөбе» және «Тау Самал» тұрғын үй кешендері кіреді. Мұнда «29 квартал», «46 квартал» және «Үштөбе» тұрғын үй кешендерінде құрылыс жұмыстары қайтадан қолға алынды, олар биылғы жылы пайдалануға берілмек, сондай-ақ «»2», «20» және «42» кварталдар тұрғын үй кешендерінде нөлдік циклді жобалау аяқталды, бұл кешендер 2011 жылы пайдалануға беріледі», - деді В.Долженков.

Сондай-ақ «Тау Самал» тұрғын үй кешенін қала әкімінің «Күрделі құрылыс кәсіпорнын» тарту және «Стрестік активтер қоры» АҚ-дан қаржыландыру арқылы құрылысын жалғастыруға шешім қабылданды. Дербес құрылыс салушылар 1 881 үлескер қатысатын 15 тұрғын үйді салуды жалғастыруда. «Тристар», «Жайлы-2» және «Жайлы-3» тұрғын үй кешендері бойынша бөлек шешім қабылдау қажет, оларда 503 үлескер бар. «Тристар» тұрғын үй кешені бойынша нысанды тәркіленген мүліктер тізіміне алып, одан әрі коммуналдық меншікке беру үшін әділет министрлігінің жәрдемі қажет, нысанды мемлекеттік қолдау ауқымында салуды жалғасытыру керек, мұнда жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Жайлы-2» және «Жайлы-3» тұрғын үй кешендері бойынша үлескерлердің тұрғын үй-құрылыс кооперативін құру ұсынылып отыр, ол үшін құрылыс салушының активтері мен басқа да мүліктерін алу жөнінде сотқа үлескерлер ТҚК пайдасына талап-арыз беріп, одан әрі «Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС-мен шарт жасасу қжет, сөйтіп, алданған үлескерлердің талабын қамтамасыз етуге болады», - деді В.Долженков.

«Ағымдағы жылы біз барлығы 16 тұрғын үй кешенін аяқтап, 4625 үлескерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары».