Комитет төрағасы атап көрсеткендей, астықтың көлемі көптеген жағдайларға байланысты. «Дегенмен, облыстық және жергілікті органдардың алдын ала мәліметі бойынша биыл астықтың көлемі 16-17 млн. тонна көлемінде болады», - дейді С.Хасенов. Оның айтуынша, биыл астықты сақтау саласында қиыншылықтар болмауы тиіс.
17:21, 13 Тамыз 2013
Ағымдағы жылы 17 млн. тонна астық жиналады - АШМ
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - 2013 жылда 16-17 млн. тонна астық жиналады деген болжам бар. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлім етті.