Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында баяндама жасаған Әділет министрі Берік Имашев осылай мәлім етті.
«Соған орай, былтырғы жылдармен салыстырғанда заңды тұлғаларға қатысты тіркеу жұмыстарының 5 пайызға (16 мың 140 тіркеу) артқаны байқалады. Оның ішінде 8 пайызын (10 мың 737) шағын кәсіпкерлік субъектісі мен филиалдар және өкілдіктер құрап отыр. Ал азаматтық хал актілерін жазу 5 пайызға артып, 583 мың 300-дің үстінде болса, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу 3 пайызға артып, 1 млн. 47 мың 453-ті құрады», - дейді Б. Имашев.
Бұл ретте министр электрондық форматта (он-лайн) заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсетілетінін, осыған орай Интернет арқылы шамамен 500 ұйым тіркелгенін атап өтті. Бұдан бөлек, жылжымайтын мүлік туралы 4 млн.-нан аса электрондық анықтама берілген. Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы 10 қызмет түрінің 6-уы электрондық форматқа көшіп, бұл бағытта 2,5 мыңнан астам актілер тіркелген.