деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бүгінде Алматыда 265 нысан салынуда, соның ішінде 105 тұрғын үй, 158 - әлеуметтік-мәдени бағыттағы ғимараттар бар. «Ағымдағы жылы барлығы 1100,0 мың шаршыметр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл 2008 жылға қарағанда 10 пайыз көп. Егер өткен жылдың бірінші жартысында мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысында 13 млрд. теңге қаржы игерілген болса, биылғы алғашқы жартыжылдықта 16 млрд. теңге игеріліп, пәтерлер 22 пайызға көп пайдалануға берілді», - деді А.Есімов.
«Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша әртүрлі нысандар құрылысы үшін бюджеттен 50,5 млрд. теңге игеру жоспарлануда, соның ішінде 85 мың шаршыметр тұрғын үй құрылысы, 80 шақырым магистральді инженерлік желілер, үш мектеп, бір аурухана, төрт емхана және үш балабақша құрылысы аяқталады. Бұл нысандарды салуға 45 құрылыс компаниясы, 11 жобалау институты қатысуда», - деп атап көрсетті қала басшысы.
Алматы әкімі 2008 жылы 3105 үлескердің мәселесі шешілгенін, биыл олардың 4 277-сі пәтер алатынын айтты. «Жол картасы» ауқымында жалпы көлемі 12 млрд. теңгеге ұзындығы 290 шақырымдық 300 көше жөнделеді.