Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының Өмірді қамту және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен хабарлады.
Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша 73% астам нысан орталықтандырылған жылумен қамтуға қосылған жылу энергиясын есептеу құралдары торабымен жабдықталған.
Айта кетейік, 2013 жылы «Астана-Жылутранзит» АҚ бұрын жалпы үйдегі құрылғылары болмаған 410 көп пәтерлі үйге жылу есептегіш құралдар орнатқан болатын. Аталған қондырғыны орнату энергия тұтынуды дұрыс есептеуге, жылу тасымалдағыштың көрсеткіштерін бақылауға және жылумен қамту жүйесіндегі бұзушылықтарды уақытылы жоюға мүмкіндік береді. 2008 жылдан бастап кәсіпорында жылу есептегіш құралдарын тұрақты бақылау, жылу тұтыну тәртібінің, сондай-ақ жылу есептеу жүйелерінің бұзылуына уақытылы әрекет ету үшін мәліметтерді жинау және тарату қондырғысының (МЖТҚ) көмегімен жылу энергиясын есептеу құралдарынан ақпараттарды орталықтандырылған қабылдау ұйымдастырылды.
2014 жылдың 15 қаңтар жағдайында мәліметтерді тарату қондырғысы 2 344 нысанда орнатылды.