Ағымдағы жылы Астанада жаңа стандарттармен 73 шақырым жол жөнделіп, салынады - әкім орынбасары

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Астанада жаңа стандарттар бойынша 73 шақырым жол жөнделіп, салынады.

Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен кеңесте қала басшысының орынбасары Қанат Сұлтанбеков айтты.

Қ.Сұлтанбековтың сөзіне қарағанда, Астана үшін жол құрылыстарының жаңа құрылыс нормалары мен ережелері әзірленді. Олар бойынша биыл 23 шақырым жаңа жол салынып, 50 шақырымы жөнделеді. Жаңа жолдардың құрылысы Угольный, Сарыарқа, Сейфуллин көшелері, Бөгенбай батыр даңғылы мен басқа да жерлерде қарастырылуда.

Өз кезегінде, қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов үстіміздегі жылы салынатын жолдардың сапасы үшін жауапкершілік тікелей мердігер кәсіпорындардың басшыларына жүктелетінін қадап айтты.