Ақпаратқа қарағанда, 1500-ге тарта әртүрлі ағаш Қабанбай батыр даңғылы бойындағы «Ботаникалық баққа» егілген. Бұған қоса, жалпы қалалық сенбіліктер аясында Тұран даңғылы бойында (Хусейн бен Талал көшесінен бастап «Астананың Жұлдызы» стелласына дейін) ағаштар отырғызылды. Сонымен қатар, 2012 жылы Есіл ауданында Тұран даңғылының бойында (Сарайшық көшесінің қиылысында) жаңа «Сарыарқа» саябағы салынған. Ағымдағы жылы Астананың 15 жылдығы мерекесі қарсаңында 15 саябақ салынады және қайта жөнделеді. Оның екеуі Есіл ауданында (Қорғалжын күрежолы бойында) орналасады.
17:14, 08 Ақпан 2013
Ағымдағы жылы Астананың 15 жылдығы мерекесі қарсаңында 15 саябақ салынады
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Астана қаласы Есіл ауданындағы саябақтардың жалпы аумағы 347 149 шаршы метрге жетті. Өткен жылы көгалдандыру бағдарламасы аясында 4 330 қылқан жапырақты ағаш, 1500 қума метр тал-шілік, 81 484 шаршы метр гүлбақша және 4 100 шаршы метр гүлзар отырғызылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.