Ағымдағы жылы Атырауда мұнайгаз саласы үшін өңіраралық орталық ашылады

None
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Атырауда мұнайгаз саласы үшін өңіраралық орталық ашылады.

Бұл пікірді бүгін «Білім мен бизнес - ел игілігі үшін бірлікте» атты республикалық конференция барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов білдірді.

«Ағымдағы жылы Атырау қаласында алғашқы мұнайгаз саласы үшін өңіраралық орталық ашылады. Сонымен қатар осы жылы Екібастұз қаласында жанармай-энергетика саласы үшін өңіаралық орталықтың құрылысы аяқталатын болады», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, сондай-ақ 2013 жылы Өскемен мен Шымкент қалаларында машина жасау және байыту салалары үшін өңіраралық орталық ашу көзделуде.

«Сонымен қатар 2013 жылы Астана мен Алматы, ал 2014 жылы Шымкент пен Ақтөбе қалаларында әлемдік деңгейдегі колледждердің құрылысы басталады», -  деді С.Шаяхметов.