Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов мәлім етті.
«Былтыр бағдарламаның осы бағыты бойынша елді мекендерде 565 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 310 жоба әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жөндеуге, 138 жоба инженерлік, көліктік инфрақұрылым мен жол жұмыстарына, 42 жоба коммуналдық салаға қатысты болса, 75 жоба ауылды абаттандыру шараларына бөлінген. Бұл жобаларды жүзеге асыруға 7,3 мың адам тартылды», дейді министр С. Әбденов.