Бұл жоба еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі электр қуатының жетіспеушілігі проблемасын шешуге мүмкіндік береді, деп хабарлады pm.kz сайты.
Айта кету керек, Балқаш ЖЭС-ында 2010 жылдан бері 8 даярлық нысаны бойынша жалпы құны 9,1 млрд. теңгенің жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда су бұру, ауыз су, кәріз жүйелерін, айналма теміржол желілерін салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық даярлық жұмыстары 2012-2013 жылдары жүргізіледі деп жоспарлануда.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ақпараты бойынша, І модуль құрылысын жобалау жұмысы 2012 жылдың шілде айында басталады, ал бірінші кезектегі құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталмақ.
І модульдің негізгі нысандарының құрылысы жоба бекітілгеннен кейін 2013 жылдың мамыр-маусымында басталады. Балқаш ЖЭС-ының бірінші кезеңінің қуаты 1320 МВт құрайды (660 МВт екі блок). Бірінші кезеңнің құрылысы 60 айға жалғасады.
Балқаш ЖЭС-ының инфрақұрылымын салу барысында заманауи газ тазалау жабдықтары, мембраналы технологиямен жұмыс істейтін су даярлау қондырғылары, ықпалдасқан автоматтандырылған басқару жүйесі, мұнара құрылғысының көмір қазандықтарында отынды алаумен жағу, азот тотықтарының шығарылуын азайтудың технологиялық әдістері сияқты энергетикалық тиімді, инновациялық шешімдер қолданылатын болады.
Жобаның әлеуметтік маңызы зор, құрылыс кезеңінде 3500-ден 5500-ге дейінгі аралықта жаңа жұмыс орны құрылады.
Балқаш ЖЭС-ының бірінші блогы 2017 жылдың IV тоқсанында іске қосылады, ал екінші блогы 2018 жылдың ІІ тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 2018 жылдың ІІІ тоқсанын бастап Балқаш ЖЭС-ның бірінші кезеңі өзінің жобалық қуатына шығады, 9 млрд. КВт/сағатқа дейін электр қуатын өндірілетін болады.
Жалпы алғанда, Балқаш ЖЭС құрылысының жобасы қажетті энергия қорын жасақтауға, электр қуаты жеткізілімін сенімділігін арттыруға және Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі энергия қуатының жетіспеушілігі проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
10:15, 01 Шілде 2012
Ағымдағы жылы Балқаш ЖЭС-ның бірінші модулі инфрақұрылымдарының құрылысы басталады
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында Балқаш ЖЭС-ның бірінші модулі инфрақұрылымдарының құрылысы басталады.