АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 12 мың АҚШ долларынан асып түседі. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың қаңтар-қарашада ЖІӨ болжамды бағалау бойынша нақты көріністе 5 пайызға артты. 2012 жылғы ЖІӨ деңгейі нақты көріністе 1991 жылғы ЖІӨ деңгейінен 2 есе дерлік немесе 95 пайыз артық.
Болжамды бағалау бойынша 2012 жылғы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 12 мың АҚШ долларынан асып түседі», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.