Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
«Атап айтқанда, экспортты дамыту мәселесі жергілікті органдардың және шетелдегі қазақстандық елшіліктердің алдында көлденеңнен қойылатын болады»,-деді министр.
«Экспортты дамыту экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы. Аталған мәселе Кедендік одақпен Бірыңғай экономикалық кеңістікті құрғаннан кейін өзекті болды»,-деді Ә. Исекешев.
Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы тауарлар экспорты рекордтық көлемге жетіп, 80 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрады. Осы арқылы 2008 жылдағы дағдарысқа дейінгі 71 млрд. доллар көлеміндегі көрсеткіштен асып түсті.
Министр сонымен қатар шикізаттық емес тауарлардың экспорты да оңтайлы үдерісті көрсеткенін айтып өтті. 2011 жылы шикізаттық емес экспорттың көлемі 21 млрд. долларға жетіп, 2010 жылға қарағанда 28 пайызға артқан.