Ағымдағы жылы ҚР Парламенті 121 заңды қабылдады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2009 жыл басынан бері Парламент Сенатының 31 жалпы отырысы өтті. Бұл жалпы отырыстың барысында Палата бюросы ұсынған, Парламент Мәжілісі мақұлдаған 123 заң жобасы талқыланды. Нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтарынан бері 121 заң қабылданды. Бұлардың 10-ы дербес заңдар болып табылады. Бұлардың арасында, атап айтар болсақ «Халық денсаулығы туралы Кодекс», «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Тауар биржалары туралы», «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы», «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау туралы» секілді заңдар бар. Бұнымен қоса, Парламент қабылдаған екі заңды ҚР Президенті жедел әрі басым бағытта қарауды сұраған болатын», деді М. Нұртілеуов.
Аппарат басшысының айтуынша, ағымдағы жылы ҚР Президенті екі заң жобасын Конституциялық кеңеске жолдап, Кеңес ол екі жобаны да Ата заңға сәйкес деп тапты. Бұдан басқа, ҚР Президенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға және «Халық денсаулығы кодексіне» енгізілген өзгертулердің жекелеген баптарына қатысты өз қарсылығын білдірген болатын. Аталған екі заң да ҚР Парламенті Мәжілісі тарапынан қайта талқыланып, нәтижесінде құжат Мемлекет басшысы ұсынған редакцияда қабылданды.