Үкімет аппаратынан мәлім еткендей, «тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтау, Тоқтағұл су қоймасындағы суды үнемдеу және 2016 жылға болжанған электр энергиясының тапшылығын азайту мақсатында Қазақстаннан 133,163 млн кВтч көлемінде электр энергиясы импортталды». Бұл 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 428, 5 млн кВтч аз.
Қырғызстанның бірінші вице-премьер-министрі Мухамметқали Әбілғазиев 2016 жылғы 19 шілдедегі жағдай бойынша Тоқтағұл су қоймасындағы су көлемі 15 млрд текше метрді құрағанын атап өтті. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4 млрд текше метрге көп.