Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев мәлім етті.
«Ұлт жоспарының 76, 77, 78, 79 қадамдарында Мемлекет басшысы білім беру жүйесін реформалау бойынша зор міндеттер жүктеді. Облыста 2 мектеп жаңартылған стандарттармен 12 жылдық білім беру эксперименті бағдарламасымен жұмыс істеуде», - деді ол.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін өткен жылы 3745 мұғалім мен 33 мектеп директоры арнайы курстардан өткен.
«Жаңа оқу жылынан бастап 1-ші сыныпқа баратын шамамен 26 мың бала жаңа білім беру бағдарламасымен оқитын болады», - деді К.Көкірекбаев.